Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде бопсалап, ақша талап еткен жастар ұсталды

Оқиға
Ақтөбеде бопсалап, ақша талап еткен жастар ұсталды

Алға ауданында полиция бопсалаумен айналысқан 5 жас жігітті ұстады. Алдын ала сөз байласқан күдіктілер тобы қорқыту және күш көрсету арқылы кәмелетке толмағаннан 100 мың теңге бопсалаған.

Күдіктілердің бірінің тұрғылықты жерінен полицейлер пневматикалық тапанша, сондай-ақ Toyota Rav4 автокөлігінен металл бита мен бірнеше газ құтысы бар қорап тауып, тәркіледі.

Тағы бір жағдайда жедел уәкілдер екі күдіктіні ұстады, олар жүйелі түрде ақша қаражатын бопсалап, колледждердің бірінің студентін өз атына 1 млн теңге несие рәсімдеуге бірнеше рет мәжбүрлеген. 

Бопсалау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Фото: Polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу