Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде мектеп бухгалтерлері 22 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Құқық
Ақтөбеде мектеп бухгалтерлері 22 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған

Ақтөбе қаласының прокуратурасы мектептерде жүргізілген тексеру кезінде бюджет қаражатын жымқыру деректерін анықтады. Ұрланған ақшаға қатысты ақпарат облыстық прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Өңірлік прокуратура дерегіне сүйенсек, 2023 жылдың ішінде бухгалтерлер жымқыру мақсатында өз есепшоттарына заңсыз ақша аударған. Салдарынан мемлекетке келтірілген шығынның жалпы сомасы 22 млн теңгеден асып отыр.

Сонымен қатар тиісті орган жұмысты толық орындамаған мердігерлерге бюджет қаражатын төлеу деректерін де анықтады. Барлық құқық бұзушылық дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабы 3-бөлігіне сәйкес (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Фото: интернеттен

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу