Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Қоғам
Ақтөбеде қаскөйдің қолынан қаза тапқан ерлі-зайыпты зейнеткерлер жерленді

Қаза тапқан қос зейнеткерді жерлеу рәсімі өтіп, қылмыс болған шаңырақтарынан жаназасын шығарды. Оны КТК телеарнасы көрсетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Қаралы жиынға жиналған марқұмдардың жақындары мен таныстарының сырт адамдармен қанды оқиғаға және қаза тапқандарға қатысты сөйлескісі жоқ. Сондықтан тілшілерді де жуыта қоймады. 

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбеде үш адамды кепілге алған күдікті сот санкциясымен екі айға қамауға алынды. Қырық жастағы ақтөбелік бірнеше сағат бойы жертөледе тұтқында ұстаған зейнеткерлер қаза тауып, олардың қызы ғана аман қалған еді. 

74 жастағы қарт пен оның 67 жастағы жұбайын күдікті екі күн бұрын ұрып-соққан. Онымен қоймай, пышақпен кескілепті. Ауыр соққыдан қансыраған оларды жертөлеге қамап тастайды. Әжей сол жерде қаза тапса, қария ауруханаға жеткен соң жантәсілім етті. Күдіктімен арадағы келіссөздің ұзаққа созылып, ақырында адам өлімімен аяқталуына қатысты тәртіп сақшыларына айтылып жатқан сын көп. Бірақ полиция департаменті оған қатысты әзірге ләм-мим демеді.

Фото: 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу