freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ақын Нұртас Исабаев өмірден өтті

Әдебиет
Ақын Нұртас Исабаев өмірден өтті
Ашық дереккөз

Ақын, аудармашы, Мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі  Нұртас Исабаев 72 жасқа қараған шағында дүниеден озды. Қаралы хабарды  Қазақстан Жазушылар одағының Басқармасы жеткізді деп хабарлайды Malim.kz.

Нұртас Ибрагимұлы Исабаев 1954 жылдың 13 қарашада Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында дүниеге келген. Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының және Ораз Жандосов қоры сыйлығының лауреаты. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік стипендиясының иегері, «Құрмет» орденінің иегері.

Орта мектепті бітіргеннен кейін еңбек жолын аудандық газетте корректор болып бастаған. 1982 жылы Мәскеу қаласындағы М.Горький атындағы Әдебиет институтын тәмамдаған.

Нұртас Исабаевтың алғашқы жыр жинағы «Бастау» 1980 жылы жарық көрді. Кейін «Өмірді сүю» (1987), «Ұлылықпен сырласу» (1990), «Қимаймын сені» (1998), «Өмірге құштарлық» және басқа да поэзиялық кітаптары оқырманға жол тартты. Ақынның бірқатар өлеңдері «Разбег» атты орыс тіліндегі ұжымдық жинаққа енген. Сонымен қатар орыс ақыны Александр Твардовскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударып, ұлттық аударма саласының дамуына үлкен үлес қосты.

марқұмның жақындары мен туыстарына, барша оқырман қауымға қайғырып көңіл айтады!

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу