Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Қоғам
Араб жазуы бар мемлекеттік тумен суретке түскен қыздар босатылды

Атырауда Қазақстан Туын қорлаған қыздар қамауға алынбады. Бұл туралы Buzyq Телеграм арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дереккөздің мәліметінше, полицияға жеткізілген төрт күдікті сотқа дейін босатылған. Олардың екеуі кәмелетке толмаған. Сотқа тергеуі аяқталғанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхат берген.

Мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін 3000 АЕК (шамамен 12 миллион теңге) көлемінде айыппұл, 900 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеу не айыру жазасы қарастырылған.

Еске сала кетейік, Атырау мұз айдынында төрт қыз никаб киіп, Қазақстан туына ұқсас жалаумен суретке түскен. Алайда оның жоғарғы бөлігінде арабша жазу мен қылыштың бейнесі болған. Бұл – ислам сенімінің символы саналатын шахада: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – оның елшісі» деген жазу.

Осы оқиғаға байланысты ҰҚК мен Атырау облысының полиция департаменті бірлескен тексеру жүргізіп, мемлекеттік рәміздерге құрметсіздік көрсету бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы арабтандыруға қарсы шыққан болатын. Ол қазақтарды араб тіліндегі діни терминдерден аулақ болуға шақырды.

Фото: Ашық дереккөзден

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу