Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Арбат көшесінде билеген қыздарды полиция алып кетті

Қоғам
Арбат көшесінде билеген қыздарды полиция алып кетті

Алматының Арбат көшесінде High Heels стилінде би билеген бірнеше қыз полиция бөлімшесіне жеткізілді, деп хабарлайды Malim.kz Azattyq Rýhy  сайтына сілтеме жасап.

Хореограф Дильназ Ғалымжанова би сәтінен түсірілген видеоны әлеуметтік желіде жариялаған. Оның айтуынша, көшеде би билегеннен кейін оларды полиция бөліміне апарған.

Алматы қалалық полиция департаменті бұл әрекет рұқсатсыз қоғамдық іс-шара ретінде қарастырылғанын мәлімдеді. Алайда департамент қыздардың ұсталғанын жоққа шығарып, оларға қоғамдық орында өнер көрсетудің тәртібі түсіндірілгенін, содан кейін үйлеріне жіберілгенін хабарлады.

Оқиға әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатыр. Пайдаланушылардың бір бөлігі биші қыздардың өнеріне қолдау білдірсе, енді бірі қоғамдық орынға сай емес әрекет деп бағалаған.

«Осындай жарқын қыздарымыз бар екеніне қуаныштымын! Бірақ қай жерде билегені, әрине, даулы мәселе», «Бізде бишілерді – бөлімшеге, ұрыларды – креслоға отырғызады», «Көше – сән көрсететін подиум емес. Не клубта, не сахнада билесін», - деп жазып жатыр адамдар.

Айта кетейік, High Heels — қазіргі заманғы хип-хоп, джаз, ваакинг және тверк сияқты бірнеше бағытты біріктіретін би стилі. Ол биік өкшелі аяқ киіммен биленіп, ерекше сахналық харизма мен дайындықты талап етеді. Бұл стиль әсіресе Батыс елдерінде танымал.

Фото: видеодан скрин

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу