Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Астана" футбол клубының бұрынғы басшылығы қаржы жымқырды деп айыпталуда

Спорт
"Астана" футбол клубының бұрынғы басшылығы қаржы жымқырды деп айыпталуда

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана" ФК басшылығының өтініші бойынша клубтың ақшалай қаражатын жымқыру фактісі бойынша бұрынғы басшылыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Футболшылардың (легионерлердің) агенттеріне сыйақы төлеу арқылы ақшалай пайда табу жайттары тексеріліп жатыр", - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.

Естеріңізде болса, бірқатар БАҚ "Астана" футбол клубының бюджеті 15 миллиард теңге екені туралы ақпарат жариялаған еді. Алайда клуб бұл сома асыра сілтеніп отырғанын айтып, биылғы бюджетінің көлемі 5 миллиард теңгені құрағанын хабарлады.

Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша "Астана" "Тобылдан" кейін екінші орынға тұрақтады.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу