Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астана күніне орай елордада ерекше шоу ұйымдастырылады

Қоғам
Астана күніне орай елордада ерекше шоу ұйымдастырылады

Ертең Астана күніне орай дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады, деп хабарлайды Malim.kz.

6 шілдеде сағат 18:00-де ЭКСПО аумағында Open Air мерекелік концерті өтеді. Одан кейін дрондардың жарық шоуы ұйымдастырылады. Іс-шара шамамен сағат 22:15 немесе 22:30-ға жоспарланып отыр.

Шоуда 1250 дрон ұшырылады, оның 70-і - пиротехникалық дрон. Сондай-ақ, қазақстандық және шетелдік композиторлардың туындылары қойылады.

Шоу демеушілердің қаржысы есебінен өтеді.

Айта кетейік, Елорда күні 1998 жылы Қазақстанның астанасын Алматыдан Астанаға көшіру құрметіне белгіленген. Астана күнін тойлау кезінде бүкіл қалада концерттер, көрмелер, фестивальдар мен спорттық жарыстар өтеді. 

Фото: Астана қаласының әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу