Оқуды онлайнға көшіру шешімі ауа райының қолайсыздығына байланысты қабылданды, деп хабарлайды Malim.kz.
2026 жылғы 16 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12)сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері (9 сынып базасында) қашықтан оқыту форматына ауыстырылады, - деп хабарлады Астана қаласының Білім басқармасы.