Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Астана» румыниялық клубты ірі есеппен жеңді

Спорт
«Астана» румыниялық клубты ірі есеппен жеңді

«Астана» Корвинул» командасын айқын басымдықпен жеңді деп хабарлайды Malim.kz.

Алматыда Конференция лигасының үшінші іріктеу раундының қарымта матчында «Астана» Румынияның «Хунедоара» клубын қабылдады.
Алғашқы матч елорда клубының жеңісімен аяқталған - 2:1, екі гол да екінші таймда соғылды.

Өз алаңындағы ойында астаналықтарға келесі кезеңге өту үшін тең есептің өзі жеткілікті болатын. Дегенмен елорда клубы қорғанысқа жатып алмай, шабуылдауды құп көрді. Нәтижесінде 13-минутта Чинеду Джеффри «Астананы» алға шығарып, румын футболшыларының жағдайын күрделендіре түсті.

Екінші таймда шабуылды үдеткен астаналық ойыншылар қарсылас қақпасынан бірінен соң бірі саңылау тапты, тиісінше есеп 6:1-ге жетті.

Екі матч қорытындысы бойынша есеп - 8:2.

«Астана» іріктеудің плей-офф раундына шығып, енді «Бранн» − «Сент-Миррен» клубтарының қай жеңгенімен кездеседі.

Фото: prosports.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу