Бұл туралы Астана қаласының прокуратурасы хабарлайды. Органның мәліметінше, биыл ұлтаралық жанжал және діни алауыздықты қоздыру бойынша 11 адам сотталған.
Құқық қорғау органы кезекті рет - арандатпауды және арандап қалмауды сұрайды. Бұған қылмыстық жауапкершілік барын, ол бойынша 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы барын еске салады.