Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Құқық
Астанада 55 жер телімі мемлекетке қайтарылды

Астана қаласының прокуратурасы мемлекеттің мұқтаждығы үшін жер телімдерін алу туралы сот актілерінің орындалуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Malim.kz.

55 жер телімі мемлекетке қайтарылды.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бірі ақшалай өтемақы алып, қаланы абаттандыру үшін 50 жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін 2 жыл бойы орындамаған.

Тағы бір жеке тұлға өтемақы алып, 4 мың балаға білім беруге арналған мектеп салу үшін жер телімін мемлекетке беру туралы сот шешімін бір жыл бойы орындамаған, - деп хабарлады Астана қаласы прокуратурасы.  

Жоғарыда аталған сот актілері прокурорлық қадағалау актісі негізінде орындалып, жер телімдерін мемлекетке беру жүзеге асырылды.

Фото: egemen.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу