freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада ақша үшін үй өртеген ер адам сотталды

Құқық
Астанада ақша үшін үй өртеген ер адам сотталды
ҚР ТЖМ

Астанада тапсырыспен үй өртеген ер адам сотталды, - деп хабарлайды Астана қаласының прокуратурасы. 

Тергеу мәліметтері бойынша, әлеуметтік желілерден қосымша жұмыс іздеп жүрген ер адам 2 мың доллар үшін құқыққа қайшы әрекет жасау туралы ұсынысты қабылдаған. Тапсырманы Instagram арқылы алған.

"Үйде адамдар болғанына қарамастан, қаскөй өз іс-әрекетінің зардабын түсіне тұра, алдын ала дайындалған өртегіш құрылғыларды тұрғын үйге қарай лақтырып, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірді", - деп хабарлады прокуратура.

Алайда ол өзіне қатысты емес жағдайларға байланысты қылмыстық ниетін соңына дейін жеткізе алмаған. 

Сот шешімі

Сот сотталушыны бөтеннің мүлкін жоюға оқталу бойынша кінәлі деп таныды. Оның бұрынғы өтелмеген соттылығын ескере отырып, оған түпкілікті 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Прокуратура ескертуі

Астана прокуратурасы әлеуметтік желілер арқылы ұсынылатын заңсыз схемаларға қатысу міндетті түрде қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын баса айтты. Онда күмәнді "жұмыстарға" келісу бас бостандығынан айыру және айналадағылардың қауіпсіздігіне қатер төндіру сияқты ауыр зардаптарға соқтыруы мүмкін екені ескертілді. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу