Астанада ертең бірінші ауысымдағы оқушылар онлайн оқиды, деп хабарлайды Malim.kz.
Ауа райына байланысты осындай шешім қабылданып отыр. Бұл туралы қалалық Білім басқармасы мәлімдеді.
«2026 жылғы 13 ақпан күні ауа райының қолайсыздығына ( ауа температурасының одан әрі төмендеуі) байланысты бірінші ауысымның 0-6 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», - делінген хабарламада.
Айта кетейік, бүгін ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-11 (12) сынып оқушылары және колледждердің 1-2 курстың студенттері қашықтан оқыды.