Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада Президент басшылығымен Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

Саясат
Астанада Президент басшылығымен Қауіпсіздік кеңесінің жиыны өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының басшылық етуімен Ақордада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы ұйымдастырылды. 


Басқосуға Премьер-Министрдің орынбасары Нұрлан Серікұлы, Қорғаныс министрлігіне жетекшілік ететін Руслан Фатихұлы, Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Бисимбайұлы қатысты. Ведомство басшылары Қазақстанның қорғаныс саласын нықтау бойынша бірқатар мәселені ортаға тастап, оның шешу жолдарын қарастырды.  

Мемлекеттің әскери қабілетін арттыру ісі Қауіпсіздік Кеңесінің алдында тұрған басты міндет. Осыған байланысты ұсынылған әдістер және армияны озық әскери қару-жарақпен, әсіресе өз елімізде шығарылған отандық өнімдермен қамту бойынша маңызды шешімдер қабылданды.

Жиын соңында Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Үкіметке және басқа да мемлекеттік органдарға еліміздің әскери ұйымын дамыту аясында жүйелі тапсырмалар жүктелді.       

Фото: Aqorda.kz  

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу