Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада қараусыз ғимараттан оқушының денесі табылды

Оқиға
Астанада қараусыз ғимараттан оқушының денесі табылды

Елорданың оң жақ жағалауында орналасқан қараусыз тұрған ғимараттан оқушының денесі табылды.

Бұл туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралды. Қыз баланың жансыз денесі №5 гимназияның жанындағы ғимараттан табылған. Марқұмның өзі №16 мектептің оқушысы болуы мүмкін.

Полицияның ақпараты бойынша, қаз баланың денесінен көзге көрінетін жарақаттар байқалмаған. Өлімнің себебі анықталып жатыр. 

– 10 қыркүйекте Астанадағы № 5 мектеп-гимназиясының жанындағы қараусыз тұрған ғимаратта оқушы қыздың жансыз денесі жатқаны жөнінде хабарлама келіп түсті. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлады полицияда.

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желіде таралып, талқыланып жатыр. Желі қолданушыларының айтуынша, ғимарат гимназиядан 20 метр жерде ғана орналасқан.

- Оқиға Астана қаласы, Кравцова 7/2 мекенжайында болған. Жаңа корпустың жанындағы ғимарат туралы айтылып жатыр (бұрын балабақша болған секілді). Осы ғимаратты бұзып тастау үшін тағы қанша адам өлу керек? Кеше 2010 жылы туған қыз баланың мәйіті табылды, №16 мектептің оқушысы дейді. Бұған дейін ер адамның мәйіті табылған еді. Тамызда шатыры өртенді. Мұның бәріне кім жауапты? Бұл туралы ақпарат та ешқайда жарияланбайды. Балаларымыз күнде осы ғимараттың жанынан өтіп жүреді. Қазір күн жарық, қыста не болады? Қаншама нашақор, маскүнем жүр бұл ғимаратта. Ертең солардың біреуі балаға тап бермесіне кім кепіл? – деп ашынған жазба қалдырды ата-аналардың бірі.

Фото: fotovmire.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу