Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жасырын ет цехы анықталды

Қоғам
Астанада жасырын ет цехы анықталды

Елордада антисанитариялық жағдайда жұмыс істеген заңсыз ет өңдеу цехы анықталды, деп хабарлайды Malim.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аталған цех «Қылмысқа тоқтау» жедел алдын алу іс-шарасы барысында әшкереленген. Тексеру кезінде цехтан 600 келі ет өнімі тәркіленіп, арнайы сақтау қоймасына жеткізілді. 

Тәркіленген өнімдердің қатарында үш ірі қара малдың басы, екі тұтас сиыр еті, бір тұтас жылқы еті мен фаршқа арналған ет шикізаты бар. Барлық ет өнімдері санитарлық талаптарға сай емес жағдайда сақталған. 

Цехтың ішінде лас еден, шіріген еттің жағымсыз иісі болғаны анықталды. Белгілі болғандай, цехтың иесі – 39 жастағы азамат, ал ет саудасымен 37 жастағы басқа тұрғын айналысқан. Екеуі де ет сатуға қажетті рұқсат құжаттарынсыз әрекет еткен. 

Полиция мәліметінше, оқиға орнынан ет өнімдеріне микробиологиялық сараптама жасау үшін сынамалар алынған. 

Құқық қорғау органдары әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама толтырып, цех қызметіне қатысты құқықтық баға берілетінін мәлімдеді. Бұл жағдай азаматтардың денсаулығына қауіп төндіретін фактор ретінде қарастырылып отыр.

Фото: полиция департаменті

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу