Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

Қоғам
Астанада Жеңіс күніне орай отшашу ұйымдастырылады

Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік отшашу 9 мамыр күні өтеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Қала әкімдігінің ресми мәліметінше, фейерверк демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылады. Отшашу 9 мамыр күні сағат 22:00-де екі жерден — Ботаникалық бақ пен «Атырау» көпірінің маңындағы аумақтан атылады.

Әрбір локацияда шамамен 4 мыңға жуық отшашу оқтары атылады деп жоспарланған.

Айта кетейік, елордада 7 мамыр — Отан қорғаушылар күні және 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған 100-ден астам түрлі іс-шаралар өтеді. Олардың қатарында концерттер, ғылыми конференциялар, мектептердегі тәрбие сағаттары, театр қойылымдары және тағы басқалар бар.

Фото: Астана әкімдігі

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу