Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астанада жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді

Қоғам
Астанада жұмыс күнінің басталу уақыты өзгереді

15 қыркүйектен бастап елордадағы бірқатар коммуналдық кәсіпорындар мен мемлекеттік компанияларда жұмыс күні әдеттегіден кешірек басталуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл өзгерістер жолдағы көлік жүктемесін азайтып, ағындарды оңтайландыруға бағытталған.

Жаңа тәртіп негізінен орталықтағы мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдарға қатысты. Ал мектептер, ауруханалар мен ХҚКО секілді әлеуметтік нысандар бұрынғы режимде жұмыс істей береді.

Әкімдік мәліметінше, шаралар кешені таңғы және кешкі уақытта көлік қозғалысын 15–20%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тұрақ ережесін бұзушыларға бақылау күшейтіліп, заңсыз қойылған көліктер айыптұраққа эвакуацияланады.

Мамандардың айтуынша, бұл тәжірибе экологиялық жағдайға оң әсер етіп, қаладағы мобильділікті арттыруға жол ашады.
Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу