Астанадағы көпірде үш көліктің қатысуымен адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы сәрсенбі күні кешке болған, деп хабарлайды Malim.kz.
Жол апатының мән-жайын қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Toyota автокөлігінің жүргізушісі Сарайшық көшесімен Түркістан көшесі тарапынан келе жатып, көпір үстінде басқаруды игере алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен. Соның салдарынан қарсы беттен түзу бағытта келе жатқан Lada және Skoda көліктерімен соқтығысқан», — делінген хабарламада.
Оқиға салдарынан екі адам қаза болды, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп түсіндірді ведомство.
Бұған дейін Жетісу облысында жантүршігерлік жол апатында 5 адам қаза болған еді.