Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Астананың екі тұрғыны шетелдіктерге жалған құжат жасаумен айналысқан

Құқық
Астананың екі тұрғыны шетелдіктерге жалған құжат жасаумен айналысқан

Елорда тұрғындары жалған құжаттарды пайдалана отырып, заңсыз көші-қонды ұйымдастырғаны үшін сотталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бас прокуратура мәліметінше, қаланың екі тұрғыны Қырғызстан, Тәжікстан, Әзірбайжан және Ресейден келген 49 шетелдікке заңсыз Қазақстан Республикасының азаматтығын және уақытша тұруға арналған рұқсат алуды ұйымдастырған.

Олардың бірі жалған неке куәліктерін, медициналық анықтамаларды және басқа да құжаттарды жасап, екіншісі клиенттерді тауып, біріншісімен байланыстырған. Қылмыстық іс-әрекеттің нәтижесінде олар әр шетелдіктен 80 мыңнан 1 млн теңгеге дейін табыс тапқан, деп жазылған прокуратура мәліметінде.

Сотта мемлекеттік айыптаушымен сотталушылардың кінәсі дәлелденген. Сот үкімімен оларға 1 жыл 6 ай және 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

Заңсыз алынған 107 мың доллар, 2,5 млн теңге және 200 мың рубль ақшалай қаражаттар мемлекет кірісіне тәркіленді. Үкім заңды күшіне енді.

Фото: gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу