Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында ауылдасынан таяқ жеген жасөспірім жан тапсырды

Құқық
Атырау облысында ауылдасынан таяқ жеген жасөспірім жан тапсырды

Биыл 4 шілдеде Атырау облысы, Махамбет ауданы, Сарытоғай ауылында ауылдасынан соққы жеген 17 жасар жасөспірім қайтыс болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы прокуратурасының мәлімдеуінше, аталған дерек бойынша полиция «Абайсызда қазаға ұшырату» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру бастаған.   

11 шілдеде Атырау облысы прокуратурасының нұсқауымен күдіктінің әрекеті «Абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бабымен дәрежеленіп, ол қамауға алынды, деп жазды облыс прокуратурасы.

Сондай-ақ, 13 шілдеде оған қатысты екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланған.

Фото: newsnn.ru

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу