Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында бір адам көлікке оқ жаудырған

Оқиға
Атырау облысында бір адам көлікке оқ жаудырған

Бейтаныс біреу Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Сағыз ауылында көлікке оқ жаудырған, салдарынан үш адам жарақат алды, - деп хабарлайды malim.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап. 

"Алдын ала мәлімет бойынша, Subaru Outback көлігінде үш жергілікті тұрғын отырған кезде белгісіз біреу көлікке оқ атқан. Салдарынан үшеуі де әртүрлі дене жарақатын алған. Оқиға 27 мамырда Қызылқоға ауданының Сағыз ауылында болған", – делінген хабарламада.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша адам өлтіруге оқталу бабымен қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Соталды тергеу аясында болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Шабуылға қатысы бар адамдарды іздеу және ұстау бойынша шаралар қабылданып жатыр. Тергеу департамент басшылығының бақылауында", – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиға болған күні кешке түрлі дене жарақаттарымен аудандық ауруханаға үш адамның жеткізілгенін растады. Олардың біреуі шұғыл түрде санитарлық авиациямен Атырау облыстық ауруханасына жеткізілген.

"Медицина қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында зардап шеккендерге қажет алғашқы көмек көрсетілді. Шокқа қарсы және қан тоқтататын терапия, ауырсынуды басу, оттегімен және инфузиялық терапиямен ем тағайындалды", – деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Фото: polisia.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу