freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында дронға ұқсас заттың сынықтары табылды

Оқиға
Атырау облысында дронға ұқсас заттың сынықтары табылды
Фото: әлеуметтік желі

Атырау облысында ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттар табылды, деп хабарлайды Malim.kz Ақжайық басылымына сілтеме жасап.

Хабарланғандай, 27 наурыз күні таңертең жергілікті тұрғын полицияға дронға ұқсас нысан тапқанын айтып хабар берген.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған мәліметке сәйкес, жанып жатқан зат Атырау қаласынан жеті шақырым жерде табылған деген болжам бар.

Сондай-ақ тараған ақпаратта оқиға орнынан қозғалтқыш пен зақымданған бөлшектер табылғаны айтылған. Олар композитті немесе көміртекті талшықтан жасалған болуы мүмкін.

Атырау облыстық полиция департаменті күмәнді заттардың табылғанын растады, алайда нақты не табылғанын нақтыламады.

«Атырау облысының полиция департаменті уәкілетті қызметтермен бірлесіп, ұшқышсыз ұшу аппаратының бөлшектеріне ұқсас заттардың табылу фактісі бойынша тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Нысан елді мекеннен тыс жерде анықталды. Оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда», — деп хабарлады департамент.

Еске салайық, бірнеше күн бұрын мессенджерлерде Батыс Қазақстан облысында да дрон құлағаны туралы ақпарат тараған еді. Ол кезде де табылған зат фактісін өңірлік полиция департаменті растаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу