Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп жатыр

Қоғам
Атырау облысында Жайық өзенінің деңгейі төмендеп жатыр

Атырау облысындағы аудандарда Жайық өзенінің деңгейі төмендеп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Күні бүгінге дейін көктемгі өр суы Ақжайық ауылына көп көлемде келген болса, бүгінде су деңгейі біртіндеп төмендеп келеді. Бұдан бөлек Аққайың және Талдыкөл ауылдарында жағдай тұрақты.

Қазір Талдыкөл ауылын тасқыннан қорғау жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Аудан орталығымен қатынас үзілмеу үшін автокөлік жолдарын тасқын шаюдың алдын алу жұмыстары атқарылуда. Ауыл айнала бөгетпен қоршалған.

Ауданымызда 60 тан астам шаруа-қожалық су астында қалды. Қазір шаруагерлер тарапынан тасқыннан зардап шеккені туралы өтініштер келіп, оны заң аясында тиісті мамандармен бірге қараймыз. Бір қуанарлығы аудан бойынша ешқандай тұрғын үй суға кеткен жоқ, - деді Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Махамбет ауданында 30 мыңнан астам адам тұрады. Жалпы ұзындығы 80 шақырымды құрайтын бөгет тұрғызылды. Бөгет нығайту жұмыстарына 800 мыңнан астам құм толтырылған қап төселген. 217 арнайы техника, 3500 ерікті, 650 әскери техника жұмылдырылған.

Фото: Gov.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу