Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты

Оқиға
Атырау облысында жантүршігерлік апаттан төрт адам қаза тапты

Атырау облысындағы автожолда жол апатынан төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды Malim.kz.

Жол апаты Құрманғазы ауданында – 8-ші және 9-шы жол айрығы арасындағы учаскеде болды. Әлеуметтік желіде трагедия болған жерде түсірілген видео жарияланды. Кадрдан соқтығыстың салдарынан екі көліктің де қатты зақымданғаны көрінеді. Өкінішке қарай, қаза тапқандар бар.

«15 шілдеде шамамен сағат 12:30-да Ақтөбе - Атырау - Астрахань тас жолының 814-ші шақырымында Toyota Ipsum және EXEED көліктері соқтығысты. Апат салдарынан Toyota Ipsum жүргізушісі, сондай-ақ EXEED көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы қаза тапты», - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі таңда қажетті материалдар жиналып жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде

Фото: видеодан кадр

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу