Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысындағы ең үлкен көпірде жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды

Қоғам
Атырау облысындағы ең үлкен көпірде жүк көліктеріне уақытша тыйым салынды

Атырау облысындағы Махамбет пен Жалғансай ауылдарын жалғайтын, сондай-ақ өңірдегі ең ұзын автокөлік көпірі ауыр жүк көліктерінің қозғалысы үшін жабылды, деп хабарлайды Malim.kz.

«Ақ Жайық» басылымының жазуынша, мұндай шешім көпірді тексеру кезінде құрылыста жарықтардың анықталуына байланысты қабылданған.

Махамбет ауданы әкімдігі көпірге техникалық тексеру жүргізілетінін, бұл жұмыстардың көлемін анықтайтынын айтты.

Бұл мәселе жақында белгілі болды, біз дереу қауіпсіздік шараларын қабылдадық. Жарықтар көпірдің орта бөлігінде пайда болған. Осыған байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысына тыйым салынды. Жеңіл автокөліктерге қауіпсіздік мақсатында сағатына 20 км жылдамдықпен өтуге рұқсат берілді, себебі олардың салмағы қатер тудырмайды, деп түсіндірді аудан әкімі Қайрат Нұрлыбаев.

Көпірде арнайы жол белгілері орнатылады, ал жүргізушілерден енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарау сұралады.

Фото: tengrinews.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу