Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

Оқиға
Атырау облысындағы пойыз апатынан үш адам ауыр халде жатыр

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, зардап шеккендердің жағдайы тұрақты, бірақ ауыр деп бағаланып отыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұған дейін оқиға салдарынан локомотив бригадасының мүшелері мен жүк көлігі жүргізушісі жарақат алды деп хабарланған еді. Алайда облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің  жаңартылған ақпаратында жүргізушінің зардап шекпегені нақтыланды. Облыстық аурухананың травматология бөлімінің алғашқы мәліметінде оның ауыр жарақат алғанын айтқан болатын. 

Оқиға орнында 12 құтқарушы мен 4 бірлік авариялық-құтқару техникасы жұмыс істеп жатыр. Қазір апаттың мән-жайы анықталып жатыр. 

1 наурыз күні сағат 10:20-да «Теңдік» стансасындағы теміржол өткелінде жүк пойызы жүк көлігімен соқтығысқан болатын. 

Фото: ҚТЖ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу