Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда екі күн бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Оқиға
Атырауда екі күн бұрын суға батып кеткен жасөспірімнің денесі табылды

Атырауда екі күн бұрын Жайық өзеніне батып кеткен 14 жасар жасөспірімнің денесін құтқарушылар бүгін алып шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық ТЖД мәлімдеуінше, 2010 жылы туған жасөспірім 22 тамызда Жайық өзеніне батып кеткен. Баланы құтқарушылар екі күн бойы іздеген. Тек бүгін ғана таңғы сағат 07:03-те жасөспірімнің денесі оқиға орнынан 12 шақырым қашықтықтан табылған. 

Іздестіру жұмыстарына депаратменттің жеке құрамының 10 адамы мен 5 жүзу құралы, 1 техникасы жұмылдырылған. 

Жалпы Атырау облысының су айдындарында суға түсу маусымы әлі ресми түрде ашылмаған.

Фото: Alohaflaminggo/Shutterstock/FOTODOM

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу