Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда екі жастағы бала терезеден құлап кетті

Оқиға
Атырауда екі жастағы бала терезеден құлап кетті
Фото: pexels.com

2025 жылғы 11 қарашада Атырау қаласының Азаттық проспектісіндегі көпқабатты үйлердің бірінен екі жастағы бала бесінші қабат балконынан құлап, алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық жедел медициналық көмек станциясының мәліметіне сәйкес, оқиға күндізгі уақытта болған. Бала алған жарақаттары өмірге қауіпті болғандықтан, "103" бригадасы келгенге дейін көз жұмды. Қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеуде.

"Оқиға шамамен 12:00-де болды. Бала алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Дене облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", – деді облыстық жедел жәрдем станциясы.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу