freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда нөсер жаңбырдан соң қозғалыс қиындады

Қоғам
Атырауда нөсер жаңбырдан соң қозғалыс қиындады
Атырау әкімдігі

Атырау қаласында 14 сәуір күні кешкі шамамен 19:00-2:30 аралығында жауған жаңбырдан қала көшелері мен арықтарда су жиналды. Салдарынан адам мен көлік қозғалысы қиындады.

Қалыптасқан жағдайға байланысты коммуналдық қызметтер жедел әрекет етіп, күшейтілген жұмыс режимінде жұмыс істеп жатыр. Қала билігі жұмыс тәулік бойы ұйымдастырылатынын мәлімдеді.

– Бірінші кезекте әлеуметтік маңызы бар нысандар – мектептер, балабақшалар, ауруханалар мен емханалар маңындағы аумақтар судан тазартылады. Басты мақсат – балалар мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Қала әкімі барлық көшеде көлік қозғалысына кедергі келтірмейтіндей жағдай жасауға тиісті тапсырма берді. Жағдай толық тұрақтанғанға дейін, түнгі уақытты қоса алғанда, үздіксіз бақылау жүргізіледі, – деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазір жаңбыр суын сору және көшелерді тазарту жұмысына 30-ға жуық арнайы вакуум техникасы жұмылдырылған. Мамандар су жиналған учаскелерді кезең-кезеңімен тазалап, жол қозғалысын қалпына келтіруге бар күшін салып жатыр.

Сағат 3:30-дағы мәлімет бойынша 109 байланыс орталығына су сору жұмысына байланысты 101 өтініш түскен, оның 45-і орындалған.

Тұрғындардың өтініші 109 бірыңғай байланыс орталығы және әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшалары арқылы қабылданып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу