Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылды

Оқиға
Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылды

Атырауда университет жатақханасының ғимараты опырылып түсті, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

22 сәуірде таңғы сағат 06:00 шамасында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің №2 жатақханасы ғимаратының ортаңғы бөлігі опырылып түскен. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ.

Студенттер даңғылы, 29 мекенжайында орналасқан ғимарат 1972 жылы салынған. 2022 жылы қарашада университеттің шаруашылық бөлімі бірінші қабаттың қабырғасынан ақау анықтап, бұл жөнінде тиісті органдарға хабарлаған. Артынша Атырау облысының Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мамандары ғимаратқа техникалық зерттеу жүргізіп, оны апат жағдайында әрі тұруға қауіпті деп таныды.

Мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 1 ақпаннан бері бұл жатақханада ешкім тұрмайды.

"Қазір Атырау облысының Құрылыс басқармасы университетпен бірлесіп, апат жағдайындағы қос жатақхананы бұзып, орнына мың адамға арналған заманауи жаңа жатақхана салуды қолға алды", - деп жазылған хабарламада.

Фото: t.me/atyrauoill

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу