Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атырауда жанжалды тоқтатпақ болған полицейді пышақтап тастады

Оқиға
Атырауда жанжалды тоқтатпақ болған полицейді пышақтап тастады

Атырауда отбасылық жанжалды тоқтатпақ болған полицей пышақ жарақатын алды, деп хабарлайды Malim.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 16 қазан күні болған. Екі учаскелік полиция инспекторы отбасылық жанжал туралы шақыртумен қаладағы пәтерлердің біріне келген.

“Полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтан жәбірленушілерді қорғау жөніндегі өз міндеттері аясында әрекет еткен. Жанжал шығарған ер адамды бөлімшеге жеткізуге әрекет жасаған сәтте пәтерде болған оның жұбайы, мас күйдегі әйел кенеттен полицейлердің бірінің арқасына ас үй пышағымен жарақат салған”, – делінген хабарламада.

Жараланған полиция қызметкері ауруханаға жеткізілген. Әйел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Фото: ІІМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу