Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Атыраудағы «Дина» базарынан сібір жарасы бактериялары анықталды

Денсаулық
Атыраудағы «Дина» базарынан сібір жарасы бактериялары анықталды

Атырау қаласындағы ең ірі сауда орындарының бірі – «Дина» базарындағы сауда павильондарының бірінде тексеріс барысында сібір жарасы бактериялары анықталды. Жергілікті «АқЖайық» басылымының жазуынша, осыған байланысты ет сатылған павильон уақытша жабылып, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.

Атырау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, бактериялар пышақтан алынған сүртіндіден табылған. Экспресс-тест арқылы ауру қоздырғышының бар екені расталған. Осыған байланысты павильонның жұмысы зертханалық зерттеулердің толық нәтижелері шыққанға дейін тоқтатылған. Санитариялық талаптарға сай барлық қажетті дезинфекциялау шарасы қолға алынды. Сондай-ақ, павильонда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің тізімі жасалып, олар 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.

Естеріңізге сала кетейік, 12 қараша күні Атырау мал базарында бір сиыр өліп, оның сібір жарасына шалдыққаны анықталған болатын. Кейінірек «Асыл-Агро» сою цехының бір қызметкері аурудың тері түрімен ауырды. Қарашаның соңында тағы бір әріптесі дәрігерлерге жүгінген.

Фото: azh.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу