Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жасалды

Қоғам
Ауа райына байланысты 12 өңірде ескерту жасалды

Синоптиктердің болжамынша, ертең, 10 желтоқсанда еліміздің 12 өңірінде ауа райы қолайсыз болады: кей облыста тұман түссе, енді бір өңірлерде бұрқасын мен екпіні күшті жел соғады, деп хабарлайды Malim.kz.

Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың таулы аудандарында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Жетісу облысының солтүстік бөлігінде тұман, жаяу бұрқасын. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.

Астанада түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ұлытау облысының шығысында тұман түседі.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Павлодар облысының шығысында тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, шығысында тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде екпіні секундына 15-20, күндіз күші 15-20, облыстың батысында, шығысында екпіні 23 метрге дейін жетеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының батысында, оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Шығыстан жел соғады, күндіз тау асуларында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Шымкентте түнде және таңертең тұман.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу