Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауғанстан-Пәкістан шекарасында тағы әскери қақтығыс болды

Әлем
Ауғанстан-Пәкістан шекарасында тағы әскери қақтығыс болды

Пәкістан армиясы бақылау-өткізу бекеттеріне жасалған шабуылға жауап ретінде Ауғанстандағы лаңкестердің позицияларына соққы берді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. 


Агенттік мәліметінше, 14 қазан күні кешке «Талибан» қозғалысының күштері мен «Фитна әл-Хаваридж» («Пәкістандағы тәліптер қозғалысы») содырлары Пәкістанның шекара бекеттеріне себепсіз оқ жаудырған.

Пәкістан армиясының жауап қайтару әрекеті кезінде бір бақылау-өткізу пункті мен танк ату бекінісі жойылды. Қақтығыс кезінде «Фитна әл-Хаваридж» тобының жоғары шенді қолбасшысы да қаза тапқаны хабарланды.

Бұған дейін Ауғанстан мен Пәкістан шекарасындағы Пактия провинциясында екі елдің шекаралық күштері арасында қақтығыс болғанын жазған едік. 

Пәкістан қарулы күштері Ауғанстанмен шекарадағы қақтығыстан 23 сарбаздың мерт болғанын хабарлады. 

Пәкістандық БАҚ-тың хабарлауынша, Ауғанстан күштері шекарадағы Куррам ауданында орналасқан пәкістандық әскерге «негізсіз» шабуыл жасаған. 

Фото: Oxu.az

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу