Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Ауғанстандағы зілзала құрбандары 500-ден асты

Әлем
Ауғанстандағы зілзала құрбандары 500-ден асты

Ауғанстан мемлекеттік теле-радиокомпаниясының хабарлауынша, шамамен 1000 адам жарақат алды, деп жазады DW.


Магнитудасы 6-ға жететін жер сілкінісі елдің солтүстік-шығысындағы Кунар провинциясында, Пәкістанмен шекараға жақын жерде жексенбі күні жергілікті уақытпен 23:47-де болды, деп хабарлады Неміс Жерді зерттеу орталығы.

Одан кейін әлдеқайда аз қуатты дүмпулер тіркелді.

Ауғанстан билігі зардап шеккендерге көмек көрсету қиын болғанын, себебі бұл аймаққа жету қиын екенін айтты.

Екі жыл бұрын Ауғанстанда магнитудасы 6,3-ке жететін жер сілкінісі болып, БҰҰ мәліметі бойынша шамамен 1500 адам қаза тапқан еді.

Фото: t.me/dwglavnoe

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу