freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Аулақ жүріңдер": Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі қайын сіңлісіне шүйлікті (ФОТО)

Қоғам
"Аулақ жүріңдер": Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі қайын сіңлісіне шүйлікті (ФОТО)
ozgeris.info коллажы

Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың жұбайы әлеуметтік желіде қайынсіңілісі Сора Рахмоноваға қарата жазба жариялап, көпшіліктің назарын өзіне аударды, деп хабарлайды Malim.kz.

Желіде тараған стористе ол эмоцияға беріліп, қызының видеосына қатысты талап қойған. Оның айтуынша, жеке отбасылық материалдардың жариялануы орынсыз.

"@sora_rakhmonova, қызымның видеосын парақшаңнан өшір! Балаларымды әкесіз қалдырғандарың аздай, енді жақсы көрген болып жатырсыңдар ма? Бізден барынша аулақ жүріңдер!" – деп жазды ол.

Еске сала кетейік, бұған дейін Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде жеке өміріне қатысты маңызды жаңалықпен бөлісіп, көпшілікті таңғалдырған еді. Гүлайымның айтуынша, олар ресми түрде екі жаққа кеткен. Ол жазбасында балалардың өз қарауында қалғанын атап өтті. Сондай-ақ, қазіргі таңда төрт баланың анасы екенін және бесінші сәбиін күтіп жүргенін жеткізді.

Осыдан кейін Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желіде өткен өміріне қатысты әсерлі жазба жариялап, көпшіліктің назарын аударған болатын. Жазбасында ол спортшының мансабының алғашқы кезеңінде бастан өткерген қиындықтарды еске алып, сол уақытта бірге көрген күндерін баяндаған. Гүлайым Рахмонова сол жылдардың оңай болмағанын, бірақ сол кезеңдер екеуінің өмірінде маңызды орын алғанын атап өтті.

Сондай-ақ белгілі журналист, тележүргізуші Руслан Өтепбай әлеуметтік желіде жаңа мәлімдеме жасап, аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың жұбайы Гүлайым Рахмонова өзімен хабарласқанын айтты. Журналистің сөзінше, Гүлайым Рахмонова сұхбат беруге ниет танытып, өміріндегі қиын кезеңдер жайлы ашық айтуға дайын екенін жеткізген. Айта кетейік, бұған дейін ол жол апатына түсіп, кейін сот шешімімен 5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу