freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Burger King төңірегіндегі дау: Келіссөз сотпен қорқытумен аяқталды

Қоғам
Burger King төңірегіндегі дау: Келіссөз сотпен қорқытумен аяқталды
Фото: zhanat_karatay

Burger King желісінің басшылығы аутизмге шалдыққан Әлібекке қатысты дау-дамайды реттеудің орнына, жағдайды одан сайын ушықтырды, деп хабарлайды Malim.kz. Ertenmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Әлібектің анасы Жанат Қаратай бұған дейін Burger King Kazakhstan бас директоры Алена Амилаханова қол қойған шақыру хатын жариялап, компания мәселені диалог арқылы шешуге дайын екенін мәлімдегенін хабарлаған. Алайда белгіленген уақытта Алматы қаласының Жұмыспен қамту орталығына келгенде, Амилаханованың орнына өзін компания өкілі ретінде таныстырған Асқар Абаевич қатысқан.

Куәгерлердің айтуынша, ол келіссөз басталған сәттен бастап дөрекі мінез танытып, бөгде адамдардың қатысуына қарсы шыққан. Соның салдарынан Еңбек инспекциясы департаментінің басшысы залдан кетуге мәжбүр болған. Жанат Қаратай бас директордың неге келмегенін сұрағанда, өкіл тарапынан балағат сөздер айтылып, жағдай одан әрі шиеленіскен.

Тараптар арасындағы сөз таласы күшейіп, Абаевич тек өзімен сөйлесуді талап етіп, бас тартқан жағдайда сотпен қорқытқан. Осыдан кейін Жанат Қаратай мен жұбайы келіссөзді тоқтатып, залдан шығып кеткен.

Әлеуметтік желі қолданушылары компания әрекетін сынға алып, бойкот жариялауға шақырып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу