freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

"Аузыма қатты нәрсе тиді": Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыға азғындық жасады деген күдікке ілінді

Қоғам
"Аузыма қатты нәрсе тиді": Шымкентте мектеп мұғалімі 7 жастағы оқушыға азғындық жасады деген күдікке ілінді
depositphotos.com

Шымкент қаласында 7 жастағы оқушыға қатысты заңсыз әрекет жасады деген күдікпен мұғалім ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға 25 ақпан күні сабақ уақытында болған. Оқушының анасы қызы үйіне мазасыз күйде келіп, өзін жайсыз сезінгенін айтқанын жеткізген. Кейін қыз 36 жастағы мұғалімнің өзіне қатысты орынсыз әрекеттер жасағанын мәлімдеген.

"Анашым, менің төменгі жағым ауырып тұр. Мұғалім партаға келіп, басымды өзінің төменгі бөлігіне басты. Аузыма қатты нәрсе тиді" деді қызым. Ол қызымды алдына отырғызып, денесіне қол жүгірткен. Кимінің сыртынан жыныс мүшесін тақаған. Қызым келгенде келгенде, мұғалімі рұқсат бермей қойған. Тіпті қызым "Жібершіңізші, ауырып тұр" десе де, қолынан мықтап ұстап, жібермей қойған", – дейді қыздың анасы.

Ата-анасы бұл жағдай бойынша мектеп әкімшілігіне жүгінген. Олардың айтуынша, бейнебақылау жазбаларын алу кезінде түсінбеушілік туындаған. Кейін полиция шақырылып, тиісті жазбалар құқық қорғау органдарына берілген.

Полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс тіркелгенін растады. Күдікті ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілген.

"Қызға қатысты құқыққа қайшы әрекет жасады деген күдікпен Шымкент қаласының тұрғыны ұсталып, полиция бөлімшесіне жеткізілді. Қазір бейнебақылау камераларының жазбалары зерттелуде, мүмкін куәлар мен басқа тұлғалардан сұрау алынып, барлық дәйектер тексерілуде, алынған материалдар мен дәлелдер талданып, салыстырылады", – делінген полиция хабарламасында.

Қазіргі уақытта бейнежазбалар зерттеліп, куәлардан жауап алынуда. Барлық мән-жайларды анықтау үшін сараптамалар тағайындалған. Тергеу жалғасып жатыр.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу