Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Аяз, дауыл... Күн райы құбылып тұр

Қоғам
Аяз, дауыл... Күн райы құбылып тұр

«Қазгидромет» алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады. Синоптиктердің болжамынша, Қазақстанның басым бөлігінде ашық ауа райы күтіледі.

Алдағы күндері елдің көптеген өңірлерінде солтүстік-батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз, ашық ауа райы сақталады. Тек республиканың солтүстігі мен шығысында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі. Ел аумағында желдің күшеюі, тұман, ал оңтүстік-батыста және оңтүстікте — шаңды дауыл болжанады.

Түнгі уақытта солтүстік және орталық өңірлерде ауа температурасы 1–7 градус аязға дейін төмендейді, ал күндіз 4–16 градус жылы болады. Шығыс өңірлерде түнде ауа температурасы 5–13 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 3–11 градус жылы болады деп күтіледі. Қалған аумақтарда ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы болжанады.

Фото: pixabay.com

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу