Ордоста (ҚХР) өтіп жатқан дзюдодан Азия чемпионатында Ұлттық құрама спортшысы Әділет Алмат финалға шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Ерлер арасындағы 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің жартылай финалында отандасымыз тәжікстандық Бехрузи Ходжазоданы жеңіп, кем дегенде күміс жүлдені қамтамасыз етті.
Сондай-ақ жартылай финалда 63 келіге дейінгі салмақта Эсмигүл Куюлова өнер көрсетті. Өкінішке қарай, спортшымыз КХДР өкілі Ким Джи Хуеге есе жіберді.
Енді Эсмигүл Куюлова қола медаль үшін тайбэйлік Ян Пей-Чунға қарсы белдеседі. Ал Әділет ақтық сайыста тәжікстандық Самон Махмадбековпен күреседі.
Бұдан бөлек, 81 келіде тағы бір қазақстандық балуан Абылайхан Жұбаназар қола жүлде үшін татамиге шығады.