Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

Қоғам
Балабақшадағы буллинг: Баланы "кішкентай Бишімбаев" деп атаған

Астана қаласындағы жеке балабақшада екі жасар балаға қатысты буллинг фактісі бойынша тексеру басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәлімдеді.

Комитет мәліметінше, баланың анасы мекемеге жүгініп, ұлының балабақшада "кішкентай Бишімбаев" деп атағанын және қорлық көргенін айтқан.

Осыған байланысты комитет төрайымы Насымжан Оспанова арызданушымен кездесіп, жағдайды егжей-тегжейлі талқылады.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тиісті тексеру жүргізіліп жатыр.

"Кездесу қорытындысы бойынша тексеру ұйымдастыру туралы шешім қабылданды: 28 сәуірде Білім сапасын қамтамасыз ету департаменті тиісті тексеруді бастайды. Комитет балалардың құқықтарының бұзылуына қатысты бірде-бір хабарды назардан тыс қалдырмайды. Әрбір бала қауіпсіз әрі құрметпен қарауға лайық", - деп хабарлады комитет.

Фото: pexels.com

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу