Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиала ширек финалына шықты

Спорт
Балуан Әлімхан Сыздықов Олимпиала ширек финалына шықты

Париж Олимпиадасында балуандар бәсекесі басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Алғашқы жарыс күнінде грек-рим күресінен 60 және 130 келі салмақтағы балуандар бақ сынауда. 

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Әлімхан Сыздықов Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты. 

130 келі салмақта сынға түскен Сыздықов алғашқы айналымда румыниялық Ален Алксус Чурариюден басым түсті. Есеп -  3:1.

Айта кетелік, бұл Әлімхан Сыздықовтың алғашқы Олимпиадасы. 

Өкінішке қарай, 60 келі салмақтағы балуанымыз Айдос Сұлтанғали бірінші белдесуде қырғызстандық әлем чемпионы Жоламан Шаршенбековке есе жіберді. 

Енді Айдос қарсыласы финалға шыққан жағдайда жұбаныш белдесуіне қатысады. 

Фото: ҰОК/Сали Сабиров

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу