freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

«Барыс» автобазары толықтай мемлекет меншігіне өтуі мүмкін

Оқиға
«Барыс» автобазары толықтай мемлекет меншігіне өтуі мүмкін
Еламан Тұрысбеков / Kazinform

Алматы облысындағы «Барыс» автобазары жақын уақытта толықтай мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz.

Қазақпараттың жазуынша, қазір нысанның қалған 25,5 гектардан астам жер телімін мемлекетке қайтару мәселесі сотта қаралып жатыр. Бұған дейін, 2023 жылы, сот шешімімен базар аумағындағы 11,5 гектар жер мемлекетке қайтарылған болатын.

Облыстық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, жер учаскелері 2004–2018 жылдар аралығында заң талаптарын бұза отырып берілген. Атап айтқанда, конкурс өткізілмеген және жердің нысаналы мақсаты заңсыз өзгертілген.

2026 жылғы 1 сәуірде сот прокуратураның талап арызын қанағаттандырып, даулы жерге қатысты мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Алайда бұл шешім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Егер сот шешімі түпкілікті күшіне енсе, «Барыс» автобазары орналасқан 36 гектардан астам аумақта индустриялық аймақ құру жоспарланып отыр. Бұл туралы бұған дейін Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев мәлімдеген.

Қазіргі таңда автобазар бұрынғыдай жұмысын жалғастырып жатыр. Дегенмен оның аумағының бір бөлігі ғана белсенді пайдаланылуда.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу