Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Батыс Қазақстан облысында көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен

Қоғам
Батыс Қазақстан облысында көмектесуге барған құтқарушыны пышақтап кеткен

ТЖМ мәліметінше, оқиға 31 наурыз күні кешке Қазталов ауданы Жалпақтал ауылының маңында болған. Ішімдік ішкен ер адам 26 жастағы құтқарушыға шабуыл жасаған. Кеуде тұсынан жарақат алған құтқарушы ауруханаға жеткізілді.

Жедел деректер бойынша, жергілікті тұрғындарға көмек көрсету бойынша су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізу барысында Қараөзен өзенінің жағасында 1998 жылы туған азаматтық қорғау сержанты жараланды. Ол аудандық ауруханаға кеуде аймағындағы екі пышақ жарақатымен жеткізілді. Науқас дәрігерлердің бақылауында. Полицияның мәліметінше, шабуылдаушы ішімдікке мас болған, - делінген хабарламада.

Осы оқиғаға байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.


Фото: ТЖМ

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу