Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты

Сұқбат
Бекшин Алматыда қандай жағдайда локдаун енгізілетінін айтты

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қандай жағдайда қалада локдаун енгізілетінін айтты. Ж.Бекшиннің айтуынша, егер тәулігіне 300 науқас ауруханаға жатқызылса, қала локдаунға жабылады.

"Шектеу шараларын ары қарай да сақтау керек, өйткені бұлай жалғаса берсе болмайды. Бүгінде 3400 төсек орны бар, олардың 40 пайызы бос емес. 7 мың қосымша төсек орын бар, бірақ резерв таусылуы мүмкін. Егер күніне 500 адамды ауруханаға жатқызсақ, онда бір инкубациялық кезеңде-ақ бос төсек орын қалмай қалады. Оған жол беруге болмайды. Егер тіпті тәулігіне 300 адамды ауруханаға жатқызса, онда қала локдаунға жабылады", - деді Бекшин.

Локдаун кезінде қоғамдық тамақтану орындары, сауда-ойын сауық орталықтары мен қызмет көрсету орындары толықтай жабылады. Оқушылар мен студенттер толықтай қашықтан оқуға көшеді. Халықтың ары-бері жүруіне шектеу қойылады.

Сондықтан Ж.Бекшин шектеу шараларын ары қарай да сақтай беру керектігін айтты. Бас санитар дәрігердің айтуынша, Алматы қызыл аймақтан шыққанша, демалыс пен мереке күндері  қоғамдық көлік жүрмейді.

 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу