Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бектенов әкімдерге тасқын судың зардабын бағалауды осы аптада аяқтауды тапсырды

Қоғам
Бектенов әкімдерге тасқын судың зардабын бағалауды осы аптада аяқтауды тапсырды

Премьер-министр Олжас Бектенов су басқан өңірлердің әкімдеріне залалды бағалау жұмыстарын осы аптада аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әкімдіктерге Өнеркәсіп министрлігімен бірге тұрғындардың баспаналары мен мүліктеріне келтірілген залалды бағалау жұмыстарын осы аптаның соңына дейін аяқтауды тапсырамын. Азаматтарымыздың қиын жағдайына түсіністікпен және жан-жақты, мұқият қараңыздар.  Жұмыстарды кешіктірмей, барынша тездету керек, - деді ол Үкімет отырысында.

Бектенов орынбасары Қанат Бозымбаевқа осы мәселені қатаң бақылауда ұстауды тапсырды.

Алдын ала жасалған қорытындыларға сәйкес, республика бойынша 9 мыңнан астам үй жөндеуден өтеді. 4 315 үй апатты деп танылды.

Фото: primeminister.kz

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу