freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным Кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Белгілі блогер Астанада былапыт сөз айтқаны үшін қамауға алынды

Құқық
Белгілі блогер Астанада былапыт сөз айтқаны үшін қамауға алынды
Видеодан скрин

Астана полициясы танымал блогер Мирас Беркінбаевтың қамауға алынғанын хабарлады. Ер адам қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Malim.kz. 

Елордалық полицияның мәліметінше, әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның бейнежазбасы анықталған.

Құқық қорғау органдарының дерегіне сәйкес, аталған видео кейін TikTok желісінде жариялау мақсатында түсірілген. Кейін ер адам бейнежазбаны өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына ашық түрде жариялаған.

Тәртіп бұзушының жеке басы анықталып, оның 32 жастағы блогер Мирас Беркінбаев екені белгілі болды.

Сот шешімімен ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.

«Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзған ер адамның бейнежазбасын анықтады. Бейнежазбаның кейін TikTok әлеуметтік желісінде жариялау мақсатында түсірілгені белгілі болды», – деп хабарлады Астана қаласының полициясы.

Полицияның хабарлауынша, құқық бұзушының жеке басы анықталғаннан кейін жиналған материалдар сотқа жолданып, сот әкімшілік жаза қолдану туралы шешім қабылдаған.

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу