Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

Бес адамды өлтірген Дужновқа үкім шықты

Саясат
Бес адамды өлтірген Дужновқа үкім шықты

Бес адамның өмірін қиған Игорь Дужновқа қатысты үкім шықты.   Сот оған өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын берді.


Қылмыскер жазасын Төтенше қауіпсіздіктің қылмыстық жүйесі мекемесінде өтейді.  Бұған дейін прокурор соттан Игорь Дужновты өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. 

Еске салайық, былтыр 20 қыркүйек күні Алматыда жеке үйлердің біріне келген сот орындаушыға, учаскелік полиция инспекторларына үй иесі И.Дужнов оқ атты. Қызмет барысында бес адам, оның ішінде екі полиция қызметкері оқтан мерт болды. Қаза тапқан полицейлердің бірінің артында – 5, екіншісінде 2 бала қалды.   
          

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу